​​​​​​​Алматыда жол апатынан 8 жолаушы зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

​​​​​​​Алматыда жол апатынан 8 жолаушы зардап шекті

22.01.2018

Алматыда автобус жүргізушісі ағашқа соғылып, соның салдарынан 8 жолаушы зардап шекті. Сүйінбай көшесімен келе жатқан 416-шы бағыттағы жолаушылар тасымалдайтын транспорт жүргізушісінің сөзінше, оның жолын басқа көлік кесіп өткен. Қас-қағым сәтте сасып қалған ол автобустың рөліне ие бола алмай, жол шетіндегі талды соққан. Қазір жарақаттанғандардың 7-уі үйге шығарылып, жарақат алған 6 жастағы бала әлі ауруханада жатыр. Анасының жағдайы жақсы. Бірақ, ол баласына қарау үшін ауруханада қалған. Ал, көлік ішінде 20 адам болған.

Дінмұхаммед Рузуддинов, №1 қалалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің хирургия жөніндегі орынбасары:

- Баланы әкелген кезде травматолог, нейрохирургтер, жауапты хирургтармен бірге балаға бас мидың жарақаты, мидың шайқалуы және жоғарғы еріннің жарасы деген диагноз қойылды. Балаға бірінші көмек көрсетіліп, жараларына бірінші хирургиялық өңдеу жасалынды. Қазіргі таңда бала ауруханада ем қабылдап жатыр.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу