Елордада ірі жол апаты болып, 7 көлік соқтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ірі жол апаты болып, 7 көлік соқтығысты

12.11.2021

Астанада бірден 7 көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті. Қалалық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға таңғы сағат 08:00 шамасында болған. Mercedes мінген 42 жастағы жүргізуші Түркістан көшесі арқылы Орынбор көшесіне қарай жүріп келе жатып, тізгінге ие бола алмай қалған. Қатты соққыдан алдында тұрған алты көлік бір-біріне соқтығысқан. Жол апатынан төрт жүргізуші мен бір жолаушы жарақат алды. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында.


Хабарламаларға жазылу