ШҚО-да мемлекеттік бағдарламамен пәтер алғандар баспанасына кіре алмай жүр
Шығыс Қазақстанда мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алғандар баспанасына кіре алмай жүр. Ұлан ауданындағы Қайсенов кентінде салынған көпқабатты екі үйдегі пәтер кілттері тұрғындарға өткен жылдың соңында берілген. Бірақ көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың айтуынша, салтанатты шара біте сала кілттерді қайта жинап алған. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бес қабатты 2 үйді салуға 700 миллион теңге жұмсалған. Баспанаға мұқтаж адамдарға пәтер кілттерін бұрынғы аудан басшысы өзі табыстаған. Таяуда ол Семей қаласына әкім болып ауысып кетті.
Бақытгүл Смағұлова, Қасым Қайсенов кентінің тұрғыны:
Табыс етті де, сол күні қайтадан кілтін алып қойды. Жөндеу және құжат жұмыстары біткен жоқ, 1 қаңтарда кіресіңдер деп.
Аудандық әкімдік болса, үйдің құрылысы толық аяқталғанын айтып отыр. Алайда, коммуналдық мекемелермен уақытында келісім жасалмағандықтан тұрғындарды күттіруге мәжбүр.
Дархан Жөргекбаев, Ұлан ауданы әкімінің орынбасары:
Коммуналдық қызмет бойынша компаниялармен келісімшартқа отыру керек. Сол үшін уақыты созылып тұр.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00
Протондық терапия – қатерлі ісікті емдеудегі жаңа әдіс
21.08.2026, 19:57