Ақтөбеде 2 ай бұрын өртенген үйдің төбесі әлі жөнделмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде 2 ай бұрын өртенген үйдің төбесі әлі жөнделмеген

09.02.2021

Ақтөбеде екі жарым ай бұрын өртенген бес қабатты үйдің шатыры әлі күнге дейін жөнделмеген. 

Үйдің шатыры былтыр қарашаның соңында өртенді. Қызыл жалын жоғарғы қабаттардағы пәтерлерді де шарпыған еді. Баспанасы бүлінгендерге әкімдік 100 мың теңгеден ғана берген. Ал төбе сол күйі жатыр. Ең қызығы, 3 жыл бұрын жөнделген шатыр үшін тұрғындар ай сайын ақша төлеп отыр. Сондықтан қайта жөндеуге тұрғындардың өздерінің қалтасы көтермейді.

Айжан Есболатова, тұрғын:
Оған миллиондаған ақша керек, көмек керек. Соны сұраймыз. Себебі күн жылынғаннан кейін бәрі ағады, сол кезде қиын болайын деп тұр.

Жоғарғы қабатта тұратындар көктемде суға кетеміз деген үреймен отыр. Ал, жергілікті бюджеттен төбені жөндеуге ақша қарастырылмаған. Қазір әкімдік демеуші іздеп жатыр.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу