COVID-пен күреске бөлінген қаржыны жұмсауда заңбұзушылықтар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

COVID-пен күреске бөлінген қаржыны жұмсауда заңбұзушылықтар анықталды

08.02.2021

Үш өңірде пандемиямен күреске бөлінген қаражатты жұмсауда заңбұзушылықтар тіркелді. Шикілік Шымкент, Алматы қалалары мен Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармаларынан шыққан. Мемлекеттік аудит комитетінің тексерісіне сай Шымкенттік басқарма медицина қызметкерлерін тасымалдау үшін автобустарды жалға алған. Бұл үшін 15 миллион теңгеге жұмсаған. Алайда автобустар тиісті 2200 рейстің орнына тек 1775 рейс жасапты. Ал, Жамбыл облысында әрқайсысы 18 миллион теңге тұратын жеті жасанды тыныс алу аппараты сатып алынған.

Алайда олардың нарықтағы құны 14 миллион теңге. Сондай-ақ, Алматының жайлы орта басқармасы 280 төсектік жұқпалы аурулар ауруханасына деп 5,5 миллиард теңге бюджет қаражатын бөліпті. Алайда тек 4,6 миллиард теңгесін игерген. Дегенмен басқарма басшылығы тексеріс қорытындысымен келіспейді. Сондықтан аудит материалдарының сапасына бақылау жүргізбек.

Ләйлә Дулатқызы


Хабарламаларға жазылу