Мемлекеттік сатып алу саласында заңбұзушылықтар азаймай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік сатып алу саласында заңбұзушылықтар азаймай тұр

15.11.2023

Мемлекеттік сатып алу саласында заңбұзушылықтар азаймай тұр. Арнайы тексеріс кезінде 50 мыңнан аса тендердің дұрыс өтпегені анықталды. Қаржы министрінің орынбасары Дәурен Темірбековтің мәліметінше, бұл жобаларға 228 млрд теңге бөлінген. Заңбұзушылықтың көбі тауар жеткізу, қызмет көрсету, бюджетті өтеу және есептеу кезінде болған. Аудит жүргізілгеннен кейін оның 171 млрд теңгесі өтелді. 


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу