Биыл халық санағы жүреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл халық санағы жүреді

07.02.2021

Биыл халық санағы жүреді. Халық санағы деген адам санын анықтау ғана емес. Тұрғындардың материалдық жағдайын, тұрмыс-тіршілігін, қоршаған ортаның күйін қоса зерттеу керек. Бажайлап қарағанға, сол деректер бүкіл жұмыс жоспарының базасы болуы керек. Ал біз халықтың шын әлеуетін білеміз бе?

Осыдан тарайтын бір бағыт бар. Әлеуметтік қызметкер институтын түбегейлі қайта қарау. Әзірге «кейс-менеджерлер» деп мамандар атап жүргендей айта берейік, бір кейс-менеджер жылына 40-60 отбасыны алып жүреді екен. «Кімнің жағдайы ауыр, оған қандай көмек керек?» дегеннен бастап «кімге қандай құжат дайындау қажет» деген сияқты мәселелермен айналысады, әрі адамдардың тұрмысы жайлы нақты дерек жинайды. Нақ осы ұсынысты айтып жүрген әлеуметтанушы Жазира Тұрсынбековамен сұхбаттастық.


Хабарламаларға жазылу