СҚО-да 5 мектеп карантинге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да 5 мектеп карантинге жабылды

05.02.2021

Солтүстік Қазақстан облысында оқушылардың арасында коронавирус жұқтырғандар көбейіп, 5 мектеп карантинге жабылды. Жалпы оқу жылы басталғалы 495 шәкірттің індетке шалдыққаны анықталған. Олардың 200-ге жуығы ІІІ тоқсанда ауырған. 106-сы мектепке барып жүрген балалар. 

Шымкентте карантиндік шектеу мерзімі 22 ақпанға дейін созылды. Келесі аптадан бастап букмекерлік кеңсе, лоторея, ойын клубтарының жұмысына қатаң тиым салынады. Той-жиындар өткізбеу, жасы 65-тен асқандардың көшеге шығуын шектеу секілді талаптар сол күйі қалады. Жаңа қаулыда жеңілдіктер де бар. Енді қаладағы автовокзалдардағы шектеулер алынады. Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері екінші семестрді дәстүрлі түрде оқиды. 

Сондай-ақ Павлодар облысында карантин талаптары тағы бір аптаға созылды. Демалыс күндері сауда орындары жұмыс істемейді, қоғамдық көлік қатынасына да шектеу қойылды. Дегенмен, соңғы күндері өңірде індет жұқтырғандардың саны сәл азайған. Апта басында 246 адам болса, бүгін вирус жұқтырған 225 адам тіркелді 

 Түркістан облысында керсінше демалыс және мереке күндері жабық базарлар мен қоғамдық тамақтану орындарының сондай-ақ, моншалар мен сауналардың қызметіне рұқсат етілді.

Сағындық Сәбитұлы

Хабарламаларға жазылу