Басты Жаңалықтар Шарджа қаласында қазақстандық көз жұмды

Шарджа қаласында қазақстандық көз жұмды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында Қазақстанның екі азаматы - Ақжан және Жұлдыз Боханова қаза тапты. Бұл ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растап, олардың жақындарына көңіл айтты. Қазір оқиғаның мән-жайын БАӘ-нің жергілікті органдары анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат әзірге жарияланған жоқ. Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы марқұмдардың отбасына консулдық-құқықтық көмек көрсетіп, құжаттарды рәсімдеу және жергілікті органдармен байланыс мәселелеріне жәрдемдесіп жатыр.

Бөлісу