Алматы облысында су құбыры жарылып, жол опырылды
Алматы облысының Қарасай ауданында су құбыры жарылып, жолдың бір бөлігі опырылып түсті. Оқиға 25 тамыз күні таңғы сағат 4 шамасында Қайрат ауылындағы Қызылжар көшесінде болған. Қазір дәл бұл учаскеде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Ал Қаскелең республикалық автожолында қозғалысқа шектеу қойылған жоқ. Көліктер Жандосов ауылы жағынан қатынап жатыр. Қалпына келтіру үшін екі арнайы техника мен төрт жұмысшы жұмылдырылған.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12
«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары анықталды
16.10.2026, 20:12
SuperStar KZ: Жартылай финалда алғашқы ондық бақ сынайды
16.10.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
16.10.2026, 20:09
Ортақ тарих, ортақ ғылым: Түркі елдері ынтымақтастықты нығайтпақ
16.10.2026, 20:09