БҚО-да қызылша дерті дендеп тұр
Батыс Қазақстан облысында қызылша дерті дендеп тұр. Жыл басынан бері 300-ге жуық адам ауруға шалдыққан. Ал былтыр тек 18 науқас дәрігерге жүгінген. Қызылшамен ауырғандардың дені уақытылы екпе алмағаны анықталды. Жұқпалы дерт, әсіресе, қалада асқынып тұр. Сондай-ақ көкжөтелге шалдыққандар да көбейген. Дәрігерлер тұрғындарды жеке бас гигиенасын сақтап, санитариялық талаптарды бұзбауға шақырады.
Гүлдана Кереева, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Ауа тамшылары арқылы таралатын жұқпалы аурулардың көбеюі байқалып отыр. Бұл - көкжөтел және қызылша. Қызылшаны айтсақ, 2025 жылы 7 айда барлығы 18 жағдай тіркелсе, биыл 288 жағдай тіркеліп отыр. Мұнда ең басты тиімді алдын алу шарасы, бұл - екпе алу.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17