Президент ЕАЭО аясында білім беру жобасын құруды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент ЕАЭО аясында білім беру жобасын құруды ұсынды

05.02.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында бірегей білім беру жобасын құруды ұсынды. Жаңа технология және жасанды интеллект саласындағы бастама оқушылар мен студенттерге арналмақ. Сондай-ақ елімізде ақпарат ағынын тиімді өңдеу үшін арнайы деректер орталығы құрылады. Бес жыл ішінде бұл бағытта 500 миллиард теңгеге жуық инвестиция тарту жоспарланған. Бүгінде түрлі салаларға жаңа технология енгізу маңызды.

Мемлекет басшысы биылдан бастап салық саласына блокчейн әдісі енгізіле бастайды. Осы бағытта Қазақстанның салық органдарының ресейлік әріптестерімен байланысы беки түсті - деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде мемлекеттік қызметтердің 90 проценттен астамы электрондық үлгіде алынатынын атап өтті. Пандемия кезінде 6,5 миллионға жуық адам мемлекеттен берілген жәрдемақыларды цифрлық жүйелер арқылы алған. Ал 15 миллион тұрғын үшін сымсыз интернет қолжетімді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Инновация мен технология жоғары жылдамдықпен дамып, бұл бағытта бәсекелестік артып келеді. Сарапшылардың бағалауынша, 2021 жылы жасанды интеллект саласының серпіліс алуына бағытталған техникалық және компьютерлік бағдарламалар нарығы 35 процентке өсіп, 12 миллиард доллардан асады. Басым бағыттың бірі - ақылды экожүйе құру. Оның мүмкіндіктері көп. Әсіресе, салалық деректерді талдауға екпін беру қажет.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу