Үздік ғалымдарға 5,8 млн теңге сыйақы беріледі
Елімізде «Үздік ғылыми қызметкер» атағы тағайындалатын болды. Ол отандық ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымға ынталандыру мақсатында беріледі. Ал сыйақы көлемі 5 млн 834 мың теңге. Сенат депутаттары бүгін ғылым туралы заңға осындай өзгеріс енгізіп, құжатты бірінші оқылымда қабылдады.
Жауапты ведомство өкілдерінің айтуынша, жылына 50 ғалымды марапаттау жоспарланған. Бұл жастардың ғылымға деген қызығушылығын оятып, ізденісте жүрген ғылыми қызметкерлердің бәсекеге қабілеттігін арттырмақ.
Шолпан Каринова ҚР Білім және ғылым вице-министрі:
Бүгінгі күні заң жобасында қарастырылып отырған норма Білім және ғылым министрлігіне Ереже құру бойынша құзіреттілік беріліп отыр. Ғылыми қауымдастықпен комиссияның жұмысы және нақты қызметкерлерді таңдау критерийлері бойынша тиісті жұмыстар басталды.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12