Елімізде тағы бір өңір вирустың таралуы бойынша «қауіпті» аймақтан шықты. Бірнеше күн бойы індет өршіп тұрған Батыс Қазақстан облысы «сары» аймаққа ауысты. Ал, әзірге «қызыл» аймақта үш облыс тұр. Олар: Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан. Ал, «сары» аймақта Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы бар. Қалған өңірлерде жағдай тұрақты, олар «жасыл» аймақта.
Вирустың таралуына келсек, кеше бір күнде 1228 адам індетке шалдыққан. Осылайша, ауырғандардың жалпы саны 190 мыңға жуықтады. Сондай-ақ, 107 адамнан вирусты пневмония анықталып, 1 науқас қайтыс болған.
Амангелді Сейітхан