Алматы облысының Іле ауданында 100-ден астам көше жөнделген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының Іле ауданында 100-ден астам көше жөнделген

03.02.2021

Ауыл көшелері қашан толық жөнделеді? Алматы облысы Іле ауданы Жаңа дәуір елді мекенінің тұрғындары жергілікті әкімдіктен осы мәселені сұрады. Көпшілікті алаңдатқан сауалдарға бүгін аудан әкімі есептік кездесуінде жауап берді. Аталған елді мекенде өткен жылы 4,5 шақырым жол салынған.

Сондай-ақ биыл қалған көшелерді жөндеу жоспарланған. Жалпы аудан бойынша соңғы бір жылда 100-ден астам жол жөнделген. Биыл «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша 100 миллион теңгеден астам қаржыға тағы 13 көшені қалпына келтіру жоспарланып, 8 ауылдық округ пен Боралдай кентінің жолдарын жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.

Бағдат Қарасаев, Іле ауданының әкімі:
Тұрғындардан көбіне жол жөндеу жұмыстары бойынша сұрақтар қойылады. Өткен жылы бұл сала бойынша 1,7 миллиард теңге бөлінді. 15 елді мекендегі 41 көшені орташа жөндеуден өткіздік. Бұл шамамен 42 шақырым болады. Сондай-ақ 24 шақырым, яғни 39 көшені ағымдағы жөндеуден өткіздік.

Хабарламаларға жазылу