Алматы облысының Іле ауданында жолаушылар автобусы аударылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының Іле ауданында жолаушылар автобусы аударылды

22.08.2018

Алматы облысының Іле ауданында жолаушылар автобусы аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы Ащыбұлақ-Көкқайнар-Батыр тас жолында бүгін таңғы сағат 10-да болған. Қоғамдық көлікте барлығы 29 адам отырған. 10-нан астам жолаушы дәрігер көмегіне жүгінген. Екі ересек адам және бір нәресте ауруханада.

1992 жылғы жүргізушінің  алдын ала берген түсініктемесінде кенеттен автобустың тізгіні істен шығып, көлікті бұруға мүмкіндік болмағаны айтылған.

Серік Үпиев, Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі:

- Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сот алды тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл жол-көлік оқиғасы облыстық ІІД анықтау басқармасының бақылауына алынды.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу