Алматы облыстық Білім басқармасының басшысы парамен ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облыстық Білім басқармасының басшысы парамен ұсталды

03.02.2021

Алматы облыстық Білім басқармасының басшысы парамен ұсталды. Құзырлы органдар ресми нақты ақпарат таратпаса да, әлеуметтік желілер мен ақпарат көздері Майгүл Омарованың сыбайластарымен 37 млн теңгеден астам пара алу кезінде ұсталғанын жарыса жазып жатыр. "Тергеу мәліметінде Майгүл Омарова 2020 жылдың қазан-қараша айларында жеке кәсіпкерлермен жалпы сомасы 406 млн теңгеге 2522 дана ноутбук жеткізуге және оны кедергісіз қабылдауға бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны айтылады. Бұл ноутбуктер пандемия кезінде қашықтан оқуға сатып алынған болатын. Сондай-ақ осы өңірде Талғар ауданының әкімі де парамен ұсталды деген ақпарат расталды. Қазіргі таңда Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу