Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі Алиджан Ибрагимов көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі Алиджан Ибрагимов көз жұмды

03.02.2021
Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі Алиджан Ибрагимов көз жұмды

Белгілі қазақстандық кәсіпкер, Eurasian Resources Group компаниясының ірі акционері Алижан Ибрагимов өмірден озды.

Ол 2020 жылдың күзінде Қазақстанның Forbes тізімінде б5-орынды иеленді, оның байлығы 900 миллион долларға бағаланды.

Алиджан Ибрагимов 1953 жылы 5 маусымда Өзбекстанда дүниеге келген. Ол Қазақстан азаматы, оның алты баласы бар, барлығы ұлдар.

Еңбек жолын экономист және бірқатар жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының бастығы болып бастаған. Бір жылдары ол «Невада-Семей» акционерлік қоғамын басқарды. Бес жыл бойы, атап айтқанда 1995-2000 жылдар аралығында ол Еуразиялық банктің директорлар кеңесінің басшысы болып қызмет етті.

Оның Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастығы төралқасында, сондай-ақ «ТНК Қазхром» АҚ және «Қазақстан алюминийі» АҚ басшысы саласында жұмыс тәжірибесі бар.

Ол Eurasian Resources Group компаниясының ірі акционері болды. 1992 жылдан бастап Александр Машкевич пен Патох Шодиевтің серіктесі.

Eurasian Resources Group - табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу саласындағы жетекші әртараптандырылған компания.

2019 жылы Алиджан Ибрагимов әлемдегі ең бай адамдар рейтингіне енгізілді. Сонда оның байлығы 2,3 миллиард долларды құрады. Жаһандық тізімде ол 1008-орында.

Хабарламаларға жазылу