Түнгі 2-де үйінен шығып ұшты-күйлі жоғалып кеткен 25 жастағы жігітті ауыл жастарынан құралған еріктілер тауып алды. Қайса Дінмұханбет - Ақсу қаласына қарасты Қалқаман ауылының тұрғыны. Түн ортасында тұрып, қалаға тарта жөнелгенінен әрі ұялы телефонының өшірулі тұрғанынан күдіктенген туыстары келесі күні-ақ полицияға арыз түсірген. Туысқандарының айтуынша, тәртіп сақшылары іздеу жариялауға асықпаған. Араға 4 күн салып Павлодар қаласының іргесіндегі Кенжекө ауылы маңынан жанып кеткен көлік қаңқасы мен адамның мүрдесі табылды. Алдын ала болжамға қарағанда жас жігітті қасақана өртеп жіберген.
Бауыржан Бердіұлы, еріктілер тобының белсендісі:
- 48 сағат өтпей қаралмайды екен олардың заңы бойынша. Біз сол себептен, 2-3 күн уақытымызды өткізіп алдық. Өзіміздің балалардың күшімен ғана ізделді. Жергілікті полиция қызметкерлерінен ешқандай ақпарат ала алмадық. Полиция тарапынан ешқандай көмек болмағандықтан, іздемесек, қашан табылатыны белгісіз болар еді.
Болат АМАНБАЕВ