Президент вакциналауды үлкен жауапкершілікпен бастауды тапсырды
Баспана мәселесін шешу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану құқы берілгеніне орай Президент:
-Тұрғын үй нарығында дүрмек туып, бағалардың өсуіне жол бермеу үшін мемлекеттік органдар құрылыс компанияларының басшыларымен жұмыс жүргізіп, нарықтағы алып-сатарлық операцияларға шектеу қоюы керек,- дейді.
Үкіметке екі апта ішінде тұрғын үй саясатын жетілдіру бойынша жаңа ұсыныстар топтамасын дайындауға тапсырма берді.
Жылжымайтын мүлік федерациясы басшысының айтуынша, қазіргі қымбатшылық-уақытша. Жазға қарай баға тұрақталып, тіпті 15 процентке дейін арзандауы мүмкін. Сондықтан қазір асығыстық танытудың қажеті жоқ деп кеңес береді. Өткен аптада біз сөйлескен сарапшылар да бағаның аспандауы мүмкін емес деген.
Тағы бір мәселе – вакциналау. Өткен аптада Денсаулық сақтау министрлігі:
-Жаппай егуге дайынбыз, ұйымдастыру мен өткізудің методикасы әзірленген, ең бастысы, вакцинаны сақтау, тасымалдау алгортимі жасалды, деген.
Сейсенбіде Президент былай деді:
-Дайындық жұмыстарын зерттеу кезінде вакцинаны сақтауға арналған тоңазытқыш жабдықтарының қажетті көлемі жетіспейтіні анықталды. Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Түркістан облыстарында аса күрделі жағдай қалыптасып отыр.
Президент вакциналауды үлкен жауапкершілікпен бастауды тапсырды. Вакциналаудың бірінші кезеңі ертең басталады, құзырлы министрлік шынымен дайын деп ойлаймыз.
Айтпақшы, Президент: Отандық вакцинаның тестілеуі оң қорытынды береді деп үміттенеміз. Осы ретте, өзім отандық екпе ектіремін, – деді. Ал отандық вакцина сынақтың үшінші кезеңінен өтіп жатыр. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларымен айналысатын ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары «сәтті» деп сипаттайды. Вакцина Алматы және Тараз қалаларында 3000 еріктіге егілген. Егер сынақ жақсы нәтиже көрсетсе әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, төртінші кезең жүргізілмеуі де мүмкін.
Ал біз бастап салғалы отырған ресейлік «Спутник V» вакцинасын ойлап тапқан Гамалея атындағы ресейлік эпидемилогия және микробиология ғылыми зерттеу орталығының директоры академик Александр Гинцбург біздің Мәскеудегі тілшіміз Индира Бегайдарға комментарий берген. Ол аталған вакцина коронавирус инфекциясын қайта жұқтырудан сақтайды, дейді. Иә, «Спутник V» де басқа вакциналар сияқты жанама әсер етуі мүмкін: салғызғасын алғашқы күндері температураның 38 градусқа дейін көтерілуі, ине сұққан жердің, бұлшық еттің ауыруы деген сияқты. Алайда мұндай реакция екпе салғызғандардың 15-16 процентінде болады, ал 85 проценті ешқандай дискомфорт сезінбейді, деген академик. Сонымен, коронавируспен ауырғандардың ағзасында антиденелер қалыптасатынын білеміз. Біраз уақыттан соң олар жоғалып кетеді. Не істеген керек? Ауырып тұрған адам вакцина салдыра ала ма?
Академик вакцина салуда адамның жас ерекшеліктеріне байланысты шектеулерді біртіндеп алып бастағандарына да тоқталды. Тіпті бір айдан кейін балаларға екпе егу туралы өздерінің Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныс беретін көрінеді. Сонымен бірге кейбір ғалымдар ковидтің әлсіз тұстары бар екенін айтып, оған қарсы тұра алатын препарат әзірлеу қажеттігін жазып жатыр. Бұл қаншалықты мүмкін?- деген сауалға, өз елінің Денсаулық сақтау министрлігінен тапсырма күтіп жүргенін жеткізді. Яғни вирусты блоктайтын препарат шығаруға кіріспек.
Және жауабы әлі берілмеген сол бір сұрақ: Вирус табиғи ма әлде жасанды ма?
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы