Маңғыстауда дауыл соғып, Жетібай-Шетпе тасжолы жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда дауыл соғып, Жетібай-Шетпе тасжолы жабылды

28.01.2021

Маңғыстауда шаңды дауыл соғып, Жетібай-Шетпе тасжолы жабылды.

Күн райы бұзылып, көліктердің қозғалысы қиындаған соң республикалық маңыздағы жолды жабуға тура келді. Алай-дүлей дауылдан мал жайған шопандар қойларын ауылға жеткізе алмай қиналды. Ал, Жаңаөзен қаласында көп қабатты тұрғын үйдің шатыры ұшып, абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Синоптиктер ертең де қатты жел мен көктайғақ болатынын хабарлауда.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу