Шымкентте жаппай төбелестен 6 адам жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жаппай төбелестен 6 адам жарақат алды

30.10.2017

Шымкентте жаппай төбелестің салдарынан 6 адам дене жарақатымен ауруханаға түсті. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, 22 мен 33 жас аралығындағы азаматтар жұдырықтасумен шектелмей бір-біріне пышақ кезенеді. Ауруханаға жеткізілген бір жігіт кеуде тұсынан жарақат алған. «Пышақпен ұрылған соққыдан өкпесі зақымданып, 2 литрдей қан жоғалтқан», - дейді дәрігерлер. Ал, екінші азаматтың асқазанына пышақ тиген. Сондай-ақ, тағы екі азамат қарнынан жарақат алған. Өзгелеріне тек алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді. Осы оқиғаға байланысты Ішкі істер департаменті қылмыстық іс қозғады. 

Сәбит Байбосынов, Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Түскен кезде үшеуінің жағдайы ауыр болған. Жедел ота бөліміне көтерілді. Қан кетуден соң шок диагнозымен өкпенің жарасы тігілді.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу