Шарын шатқалының 12 млн жылдық тарихы бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шарын шатқалының 12 млн жылдық тарихы бар

24.01.2021

Шөгінді тау жыныстарынан құралған 12 млн жылдық тарихы бар Шарын шатқалы табиғаттың бізге сыйға берген кереметтерінің бірі. Шатқалдың биіктігі 250 метр. Ұзындығы 2 км құрайтын «Қызғылт қамалдар» аңғары – тамсана тамашалайтын ғажап орын. 

Алматыдан 200 шақырымға сәл жетпейтін жердегі Шарынның түпкірінде жаһандық мұз дәуірін басынан өткерген ерен ағашы жайқалып өсіп тұр. Бұл ерен тоғайы Қазақстаннан кейін тек Солтүстік Америкадағы Грант каньонында ғана өсетін өте құнды табиғат ескерткіші.

Әркімнің туған жері – Мысыр шәрі деген сөз бар. Мұның мағынасын қазіргі балалар, жасөспірімдер түсінер ме екен? Себебі демалыс уақытында ата-аналар балаларын тұп-тура Мысырға, әйтеуір шет мемлекетке апаруға ынтық. Мұның сөкеттігі жоқ, әрине. Таңдау әркімнің өзінде. Тек туған жерді «Мысыр шәрі» деп ойламайтындар бар. Ал ойлайтындарға жол азабы мен саяхаттың қымбаттығы кедергі.

Алматы облысындағы меншікті тілшіміз Қуаныш Қанатұлының Шарын шатқалынан репортажы


Хабарламаларға жазылу