Мұстафа Шоқайды зерттеу де, зерделеу де бірізді емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұстафа Шоқайды зерттеу де, зерделеу де бірізді емес

24.01.2021

Мұстафа Шоқай ескі күнтізбе бойынша 1890 жылдың 25 желтоқсаны, жаңасы бойынша 1891 жылдың 7 қаңтарында дүниеге келген. Демек биыл 130 жылдығы дейтін де, бұл датамен келіспейтіндер де бар. Бәрі келісетін тұжырым- Мұстафа Шоқайдың ұлтымыздың ұлы тұлғасы.

Осыған орай Халықаралық Түркі академиясы «Мұстафа Шоқай және Түркістан идеясы» деген конференция өткізген, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Шоқайтану» ғылыми зерттеу орталығының ғылыми жетекшісі Әбдіжәлел Бәкірдің мәліметінше, Мұстафа Шоқайдың орыс тіліндегі 500, шағатай тіліндегі 200, түрік тіліндегі 21, француз тіліндегі 130, сонымен бірге ағылшын, неміс, поляк, өзбек, грузин тіліндегі мақалалары аударылмаған. Шоқайды тану деңгейіне нұсқайтын бір дерек шығар.

Жалпы, біз ылғи айтатын дүние – 20 ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қайраткерлерінің іс-әрекеті, пікірталасы, мәмілесі туралы, сол кезеңнің ақыры туралы өскелең ұрпақтың білгені өте-мөте маңызды. Тарихтың әрбір парағы құнды, бірақ осы уақыттың парақтарының біздің жұтылып, жоқ болып кетуіміздің әп-сәтте екенін төбеден кенеттен құйылған мұздай су секілді түсіндіретін қасиеті бар. Амангелді Сейітханның материалы.   


Хабарламаларға жазылу