Елімізде өткен тәулікте COVID-19 коронавирусы 1584 адамға жұққаны тестпен расталды. Мына аймақтарда көбірек: Ақмола облысында 237, Нұр-Сұлтан қаласында 229, Павлодар облысында 220, Қостанай облысында 177, Алматы қаласында 131, Солтүстік Қазақстан облысында 113, Атырау облысында 96, Алматы облысында 92.
Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны ПТР-тестпен расталғандар саны 176 974. Ресми дерек бойынша қайтыс болғандар 2403. Тамыздан бері хатталатын пневмония бойынша ақпар 22-не берілді: 110 адам тіркелген. 2 адам қайтыс болған. Тамыздан бері жалпы тіркелгені 47 421. Ресми ақпар бойынша 552 адам қайтыс болған. Екі бөлек берілетін ресми деректерді қоссақ, коронавирус пен оған ұқсас пневмонияға шалдыққандар саны – 224 395.
Иә, вирус жұқтырғандар көбейіп барады. Соңғы уақытта тәулігіне мың жарымнан асып кетіп жатыр. Ал Джонс Хопкинс университетінің бейсенбідегі мәліметінше, әлемде 43 млн адам коронавирус жұқтырған, пандемия басталғалы 2 бүтін жүзден жеті адам көз жұмған. Сақтық шараларын барынша ұстану басты қағида болып қала береді. Ал ауыздықтаудың жалғыз жолы - вакцина егу. Аптаның соңына қарай Аргентина президенті Альберто Фернандес Ресейде шығарылған «Спутник V» вакцинасын екті. Ал Словакия президенті Зузана Чапутова екі рет салынатын вакцинаның екінші дозасын салғызған. Оның нақтың қайсысын еккені ашып айтылмайды. Pfizer немесе BioNTech екені.
АҚШ пен Батыс Еуропа Pfizer, BioNTech және Moderna вакциналарын егіп бастаған мәлім. Дегенмен Венгрияның «Спутник V» вакцинасының екі миллион дозасын сатып алу жөнінде Ресеймен келісімге қол қойғанын айта кетейік. Бұл –Ресей ғалымдары жасаған вакцинаны пайдалануға шешім қабылдаған Еуропа одағындағы алғашқы ел. Жалпы, әлемде Спутник V, Pfizer және Moderna вакциналары көбірек танымал, қайсысы тиімдірек, әрине, оны нақты айту мүмкін емес. Қорытынды шығаратындай уақыт керек. Deutsche Welle порталында шыққан мына карикатура дәл келетіндей, таңдау да көп емес.