«Халық күтіп отыр»: Депутаттар зейнетақы жинағын пайдалану ережесін тезірек бекітуді сұрады
Депутаттар Үкіметтен зейнетақы жинағын пайдалануды реттейтін құжаттарды тезірек бекітуді сұрады. «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Аманжан Жамалов Премьер-Министр Асқар Мамин мен Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевқа депутаттық сауал жолдады.
«Мемлекет басшысы 2021 жылдың 2 қаңтарында азаматтардың зейнетақы қорындағы ақшасының бөлігін алу туралы заңға қол қойды. Ол заң күшіне енді. Алайда Үкімет зейнетақы жинағын пайдалану ережесін қабылдаған жоқ. 761 мың азамат осы ережені күтіп отыр. Тіпті үйді де таңдап қойған. Ал бұл ережелер әлі түрлі келісім мен бекітулерді күтіп, кабинеттерді «аралап жүр», - деді Жамалов.
Депутат осы мәселеге қатысты Үкімет атына халықтан көптеген шағым түскенін айта кетті.
«Тұрғында пәтерді 5 жыл ішінде сатуға болмайды деген шектеуге наразы. Олар өмірде болатын жағдайлар - басқа аймаққа, қалаға көшу, тұрғын үй жағдайын жақсарту секілді жайттар ескерілмегенін айтып отыр. Азаматтардың құқығын шектемей, талабына жауап беру керек. Президенттің тапсырмасын ескеріп, осы айдың соңына дейін зейнетақы жинағының бөлігін пайдалану бойынша нормативтік-құқықтық актілерді тезірек қабылдауды сұраймын», - деді Жамалов.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақша ChatGPT: Қазақстандық ғалымдар қандай ЖИ жасады?
14.12.2025, 20:40
Су тапшылығы: Күріш пен мақта үлесін қысқартудың салдары қандай?
14.12.2025, 20:30
Өмірдің соңғы кезеңі: Қазақстанда паллиативті көмек қалай көрсетіледі?
14.12.2025, 20:25
Халықаралық панорама: Қырғызстан, Украина және бейбітшілік күн тәртібі
14.12.2025, 20:11
Енді кімдерге несие берілмейді?
14.12.2025, 20:11
Қазақстан мен Иран бірлескен кеме қатынасын іске қоспақ
14.12.2025, 19:55
Каспий құбырына шабуыл: Қазақстан 480 мың тонна мұнайдан айырылды
14.12.2025, 19:52
Атырау облысында қатты желден әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің шатыры ұшты
14.12.2025, 19:51