Оңтүстік Кореяда жазасын өтеп жатқан 25 қазақстандық елге оралуы мүмкін
Қазақстанның 25 азаматы Оңтүстік Корея түрмелерінде жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов айтты.
Бүгін депутаттар «Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заңның жобасын мақұлдады.
Заңды таныстырған Марат Ахметжановтың айтуынша, Қазақстанда Оңтүстік Кореяның бір азаматы ғана жазасын өтеп жатыр.
«Келісім ратификацияланған жағдайда сотталған азаматтарды елге қайтаруға мүмкіндік туады. Яғни, жазасының қалған бөлігін Қазақстанда өтей алады. Шарт бойынша олар Қазақстан азаматы және олардың елге оралуына келісімі болуы тиіс. Қазір бізде 25 адамды қайтаруға толық мүмкіндік бар», - деді Ахметжанов.
Сонымен қатар, Бас прокурордың орынбасары Оңтүстік Кореяда Қазақстанның тағы 26 азаматы қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын, алайда олар бойынша сот шешімдері әлі заңды күшіне енбегенін атап өтті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент құтқару саласы қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
19.10.2026, 14:09
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
19.10.2026, 14:08
Ұлттық бірегейлікті сақтаудың мәні зор
19.10.2026, 13:17
«Qazaqstan» телеарнасында жаңа телехикая көрсетіледі
19.10.2026, 13:15
Ислам өркениеті және ғылым мәселелері талқыланды
19.10.2026, 13:13
Рухани келісім күніне орай жиын өтті
19.10.2026, 13:12
Канадада әскери база өртеніп, сарбаздар қаза тапты
19.10.2026, 13:10
Кенияда да эбола жұқтырғандар көбейіп келеді
19.10.2026, 13:09