Еліміздің барлық қалаларында саяжайларға баруға рұқсат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің барлық қалаларында саяжайларға баруға рұқсат берілді

28.04.2020

Еліміздің барлық қалаларында аулада серуендеумен қатар саяжайларға баруға да рұқсат берілді. Алайда бұл белгілі бір уақыт пен ереже аясында жүзеге асады. Мысалы, саяжайға барғандар тек бау-бақшаны егу, күту жұмыстарымен айналысуы тиіс. Көңілді демалыс ұйымдастырып, спиртті ішімдік ішкендер жазаға тартылады.  

Саяжайға жаяу, велосипедпен немесе жеке көлікпен баруға болады.

Өзіңізбен бірге болуы тиіс құжаттар: жеке куәлік немесе саяжай қоғамына мүшелік кітапшасы.

Дәуренбек ӘБДІБЕК


Хабарламаларға жазылу