Индонезиялықтарға қажылыққа баруға рұқсат берілмеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезиялықтарға қажылыққа баруға рұқсат берілмеді

03.06.2021

Индонезия билігі мұсылмандарға екінші жыл қатарынан Қажылыққа баруға тыйым салды. Коронавирус қаупінен Сауд Арабиясы мемлекетке квота бермеген. Айта кетсек, Саудия биыл Қажылыққа баратындар үшін арнайы талаптар жариялады. Солардың бірі – азаматтар елде «ковидке» қарсы ресми бекітілген екпелердің бірін салдыруы тиіс.

Ал Токио Олимпиадасы кейінгі қалдырылмайтын болды. Мұны Жазғы Ойындарды ұйымдастыру комитетінің президенті мәлімдеді. Соңғы кездері Жапонияда жүргізілген социологиялық зерттеулерде респонденттердің басым бөлігі Олимпиаданы өткізбеу қажет деген пікір білдірген. Жапония қазір коронавирус пандемиясының төртінші толқынымен күресіп жатыр. Ал, жергілікті халықты вакциналау науқаны тым баяу жүргізілуде. Айта кетейік, бұл мемлекет өзге елдер секілді ковидті жаппай жұқтырған жоқ. Бірақ, пандемия басталғалы Жапонияда коронавирус 746 мың адамнан табылып, 13 мыңнан астамы қайтыс болған.

Жансая Қапасқызы


Хабарламаларға жазылу