Шетелдіктерге 5-ші маусымға дейін елде болуға рұқсат етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдіктерге 5-ші маусымға дейін елде болуға рұқсат етілді

18.01.2021

Құжатының мерзімі өтіп кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға 5-маусымға дейін Қазақстанда болуға рұқсат. Шекарадан өткен кезде олар ешқандай әкімшілік жауапкершлікке тартылмайды. Коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен осындай өзгеріс енгізілді. Шекаралардың жабылуы мен әуе билеттерінің қымбаттауы себебінен көптеген шетелдік азаматтар еліне қайта алмай отыр. Олар осы мерзімге дейін құжаттарын қайта рәсімдеуі тиіс.

Сабыржан Сейітжанов, ҚР ІІМ көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары:
-Көші-қон қызметінде есепке тұру, еңбек патентін алу, уақытша тұруға және т.б. үшін көші-қон қызметіне жүгінулері қажет. 2021 жылдың 1-қаңтарынан 5-маусымға дейінгі кезеңде құқықтық мәртебелерін заң жүзінде реттемеген шетелдіктердің құқықтық жауапкершіліктен босатылмайтындығын ескертеміз.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу