Ресейде жаңа оқу жылын 1 қазаннан бастау ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде жаңа оқу жылын 1 қазаннан бастау ұсынылды

28.08.2020

Ресейде бір күнде 200-300-дей бала коронавирус жұқтырып жатыр. Əсіресе, 10 жастан асқан балалардың індетті жұқтыру қаупі жоғары. Сондықтан жаңа оқу жылында шектеулер енгізілмек.

Индира Бегайдар, тілші:

- Қазір індеттің ілмегіне ілінгендердің ішінде балалар көбейіп кетті. Сол себепті оқу жылын 1 қыркүйектен емес, 1 қазаннан бастау ұсынылды. Мұндай ұсынысты Дума депутаттары жасап отыр. Сонымен қатар мектептерде қатаң карантин талаптары сақталмақ. Яғни, сабақта оқушы да, мұғалім де маска тағып отыруы тиіс, ал егер сыныпта оқушыдан воронавирус анықталса, сынып түгел карантинге жіберіледі. Мектепке кірер кезде оқушылардың дене қызуы міндетті түрде өлшенеді.

Жалпы, Ресейде науқастар саны миллионға жетті. Карантин кезінде Ресейде 10 миллионнан астам адам жұмысынан айырылды. Кей сарапшылардың болжамы бойынша, бұл сан екі есеге өсуі мүмкін. Айлап жалақы алмағандар ереуілге шықты. Жалдамалы пəтерге төлей алмай қалған жұмыссыздар саябақтар мен вокзалдарда түнеуге мəжбүр. Наурыз айында шекарасын жапқан Ресей тек дипломаттарға елге кіруге рұқсат еткен, өзге шетелдік азаматтарға ондай мүмкіндік жоқ. Барлық елмен шекара тек келесі жылы ғана ашылуы мүмкін. Ал қыркүйектің 15-не дейін елдегі шетелдіктерге тіркеусіз жүруге рұқсат етілді. 


Хабарламаларға жазылу