Мәскеуде індеттің өршуіне байланысты сақтық шаралары күшейтілді

25.09.2020

Мәскеуде індеттің өршуіне байланысты сақтық шаралары қайта күшейтілді. 65-тен асқандарға, созылмалы ауруы барларға үйден шығуға белгілі шектеулер қойылды. Сонымен қатар қызметкерлердің басым бөлігі қайтадан онлайн жұмысқа көшеді. Қазір Ресей астанасында ауру жұқтырғандардың саны 300 мыңға жуықтады, жалпы елде індет құрығына ілінгендер 1 млн 200 мыңға жетіп қалды. Маска тағу режимін сақтамағаны үшін ірі 43 сауда орны 3 айға жұмысын тоқтатты. Ал Мәскеудегі орталық әмбебап дүкеніне 1 млн рубль айыппұл салынды. Коронавирустың екінші толқынына дайындық қызу жүріп жатыр. Шетелдіктерге 15 желтоқсанға дейін Ресейде тіркеусіз жүруге рұқсат етілді.

Индира Бегайдар 


Хабарламаларға жазылу