7 проценттік межеден 3 партияның ғана өтуі және Мәжілісте бұған дейін де солардың отыруы - мандат саны бойынша сәл-пәл өзгеріс болмаса, басқа өзгеріс көрінбеуі мүмкін. Дегенмен «Парламент және депутаттардың мәртебесі туралы» конституциялық заңға былтыр енгізілген ережелер бойынша өзгерістер болуы тиіс.
Себебі «парламенттік оппозиция» ұғымы заңмен бекітілді. Оған сәйкес Парламенттегі азшылық оппозициялық мәртебе алып, Мәжілістің тұрақты комитеттерінің бірінің төрағасын және екі комитеттің хатшысын сайлай алады. Солай болғанын жаңа айттық. Сонымен бірге бір сессия ішінде бір реттен кем емес парламенттік тыңдау өткізуге, екі үкімет сағатының тақырыбын бекітуге құқылы.
Сайлау процесіне, нәтижелеріне байланысты сауал көп, әрине. Бірнешеуін ЕҰУ Саясаттану кафедрасының меңгерушісі Индира Рыстинаға қойдық.