Норвегияда коронавирусқа қарсы вакцинадан 23 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Норвегияда коронавирусқа қарсы вакцинадан 23 адам қайтыс болды

15.01.2021

Норвегияда коронавирусқа қарсы Pfizer және Moderna вакцинасын салдырған 23 адам қайтыс болды. Олардың барлығы 80-нен асқан қариялар. Вакцина өндірушісі егде адамдардың денсаулығы әлсіз болғанын алға тартып отыр.

Жалпы Еуропада эпидахуал ушығып тұр. Германияда өткен тәулікте індеттен 1244 адам көз жұмып, антирекрордқа жетті. Қаңтар біткенше елде қатаң карантин сақталады. Алайда билік «мега-локдаун» енгізуді жоспарлап отыр. Оған сай қоғамдық көліктер толық тоқтатылуы мүмкін.

Ал Францияда коменданттық сағат күшейтілді. Енді кешкі алтыдан кейін көшеге себепсіз шығуға болмайды. Аталған тәртіп әлі екі апта күшінде болады. Сонымен қатар, қаңтардың соңына дейін 1 миллион адамға екпе егу жоспарланған. Швецияны да дерт дендеп барады. Мұнда «ковидтен» қайтыс болғандар саны 10 мыңнан, ал инфекцияны жұқтырғандар 500 мыңнан асты. Дегенмен, ел билігі қатаң шектеу шараларын енгізуден бас тартып отыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу