Түркістанда мемлекеттік бағдарламамен салынған көпқабатты үйдің қабырғалары сөгіліп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда мемлекеттік бағдарламамен салынған көпқабатты үйдің қабырғалары сөгіліп тұр

15.01.2021

Түркістан қаласында бір жыл бұрын ғана берілген көпқабатты жаңа үйдің қабырғасы сөгіліп, қақырай бастаған. Пәтерлердегі жарықты айтпағанда қыстың көз қырауда үйге жылу да дұрыс берілмейді дейді тұрғындар. Мемлекеттік бағдарлама бойынша сапасыз салынған үйде тұрудың қауіпсіз емес екенін жергілікті атқамінерлер де мойындап отыр. 

Әбілғазы Бейсеновтың үш бөлмелі пәтерінің қабырғалары жарылып, төбесінде сызат пайда болған. Күн өткен сайын оның көлемі ұлғайып, үй шөге бастаған. 

Әбілғазы Бейсенов, қала тұрғыны:
Гантельдің астының бәрі ажыраған.

Отырар мөлтекауданындағы көпқабатты үйдің бірнеше пәтерінде осындай жағдай. Қабырғада күн өткен сайын сызат көбейген соң тұрғындар үйдің апатты екенін айтып, әкімдікке барған. Кейін арнайы құрылған комиссяи құрылыс жұмыстарының сапасыз жасалғанын растады. 

Рашид Аюпов, қала әкімі:
Түбінде су беретін трубасы жарылған. Үш ай бойы ешкім қарамаған оған. Ол рас, сөйтіп үш айдың ішінде су бетонға әсер етіп, осадка берген. Біз оған усиление бердік. Енді жарылған жерін қалпына келтіріп жатырмыз. Бірақ бұл үйлер аварийный емес. Тұруға болады, қауіпсіз емес. 

Әкім жаңа үйді тұруға жарамды дегенімен тұрғындар күн өткен сайын алаңдап отыр. Себебі үйді салған мердігер компанияның құрылысшылары жарықтарды тек үстінен сылап кеткен. Бірақ ол қайта жарылып, үлкейіп барады. Жаңа үйдің жылу жүйесінде де ақау бар дейді тұрғындар. 

Сәуле Молжігітова, қала тұрғыны:
Істеп бергенін қайтейін артынан жарылып, сөгіліп жатса. Оны ертең не болады деп қорқамыз бала-шағамызбен, тастап кетуге қорқамыз. Әр жерден жарылып жатыр. 

Қаладағы сапасыз үй жалғыз бұл емес. Осы мөлтекауданда жаңадан салынған көпқабатты тоғыз үйді құрылыс бөлімі қабылдап алғанымен, артынша тұруға жарамсыз екені анықталды. Жеті үй қайта жөнделді, екеуі тапсырылмай сол күйі тұр. 

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу