Қызылорданың Титов қыстағында ескі үйдің едені опырылып түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорданың Титов қыстағында ескі үйдің едені опырылып түсті

22.09.2020

Қызылорданың Титов қыстағындағы ескі үйдің бірінші қабатындағы пәтердің едені опырылып, жертөлеге түскен. Оқыс жағдайдан дене жарақатын алғандар жоқ. Тозығы жеткен баспана 1988 жылы салынған. 

Содан бері жөндеу көрмеген 18 пәтерлік екі қабатты үйдің бүгінде іргесі сөгіліп, қабырғалары қақырай бастаған. Ескі үйде үреймен өмір сүріп жатқан тұрғындар оқыс оқиғадан кейін жергілікті әкімдіктен жаңа баспана сұрап отыр. Алдағы уақытта арнайы сарапшылар үйді толық зертейді. Егер мамандар апатты деп қорытынды шығарса, тұрғындар заң аясында пәтер кезегіне енгізіледі. 

Айта кетейік, қазір қала бойынша 10 көпқабатты тұрғын үй апатты жағдайда тұр. 

Біржан Далабаев, қалалық ТКШ Жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары:

- 1-қабатта орналасқан апаттық жағдай орын алған пәтерді және де зақым келген басқа да пәтерлерді уақытша баспанамен қамтамасыз ету бағытында қазір тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу