Ауыл тұрғындары үшін сумен жабдықтау жүйесіне қосылу тарифі арзандайды - Парламент заңды қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл тұрғындары үшін сумен жабдықтау жүйесіне қосылу тарифі арзандайды - Парламент заңды қабылдады

14.01.2021
Ауыл тұрғындары үшін сумен жабдықтау жүйесіне қосылу  тарифі арзандайды - Парламент заңды қабылдады

Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауыз сумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады.

Құжатқа сәйкес, енді елді мекен тұрғындары сумен жабдықтау жүйесіне арзандаған тарифпен қосылады. 

«Депутаттар бастамашылық жасаған осы заң ауылдық жерлерді сумен жабдықтау мәселелерін шешу жолындағы маңызды қадам екені сөзсіз. Ұсынылып отырған нормалар өңірлерді дамытуға және жергілікті атқарушы органдардың жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал ететіні айқын», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ депутаттар су тарифтерін бекітудің жаңа тетігін де мақұлдады. Енді ауызсумен жабдықтаудың жергілікті жүйелері мәслихаттың құзырында болады, ал топтық жүйелер бұрынғыдай уәкілетті органның қарауында қалады. Мәслихат республика бойынша ең төменгі тарифтен төмен емес және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, орташа облыстық деңгейден жоғары емес төлемдер мөлшерін бекітеді.


Хабарламаларға жазылу