Коронавирустың жаңа штаммы Қазақстанда тіркелген жоқ – Бас санитарлық дәрігер
Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов қыркүйек айында Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа штаммы жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде айтты.
«Бүгінгі таңда вирустың бұл түрі Аустралия, Дания, Италия, Исландия, Нидерланды, Ресей және басқа да бірнеше елдерден табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл вирустың басқа түріне қарағанда жастар арасында тез тарайды. Феномен әлі де зерттеліп жатыр, бұл тек алдын ала мәлімет. Қазақстанда вирустың бұл түрі анықталған жоқ. Вирустың ауа-тамшы арқылы берілу механизмін ескере отырып, оны елімізге әкелу қаупін де жоққа шығаруға болмайды», - дейді Ерлан Қиясов.
Сонымен қатар, бас мемлекеттік санитар дәрігер брифинг барысында елдегі эпидемиологиялық жағдайға тоқталып, аймақтарда вирустың өсімі байқалғанын атап өтті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03