Сарапшылар сайлаудың өту барысын талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар сайлаудың өту барысын талқылады

12.01.2021

Биылғы сайлаудың бірнеше ерекшеліктері болды. Оларды бүгін «Sailau Talks-2021» алаңында отандық және шет елдік сарапшылар талқылады.  

Биылғы сайлаудың басты ерекшелігі – пандемия жағдайында өткендігі. Соған қарамастан, санитарлық талаптар сақталды. Сайлау алды үгіт-насихат кезінде де партиялар әлеуметтік желілерді көп пайдаланған. 

Қазыбек Майгелдинов, Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы: 
-Сонымен бірге сайлаудың өзінің үрдісіне келетін болсақ, халықаралық байқаушылардың сонымен қатар, тәуелсіз байқаушылар өте үлкен белсенділік танытты. Әсіресе, бұл ел азаматтарының азаматтық позицияларының нығайғандығының, күшейгендігінің, белсенділігі артқанын көрсетеді. 

Біздегі саяси оқиғаны қалт жібермей қадағалап отырған халықаралық сарапшылар да прогрессивті өзгерістер көргенін атап өтті. Мәселен, қазір біздің елде ұрпақ алмасып, саяси транзит жүріп жатыр. Оның бір мысалы осы сайлауда да байқалды, -дейді мамандар. 

Андрей Казанцев, - РФ Сыртқы істер министрлігі ММХҚИ талдау орталығының бас ғылыми қызметкері: 
-Жастар мен әйелдерге басымдық берілуі пропорционалды жүйенің жаңа элементтері деуге болады. Партияларда да прогрессивті өзгеріс бар. Мысалы, «Nur Otan» партиясының праймеризі, басқалардың рэбрендинг жасауы. Сондай-ақ, эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, халықтың 60 пайыздан астамы дауыс беруі жақсы көрсеткіш. 
Фархад Мамедов, саясаткер, сарапшы /Әзірбайжан/: 
-Кез келген сайлау - халықтың іске асырылып жатқан мемлекеттік саясатқа қатысты пікірінің айқын көрінісі. Ал, осы сайлаудың қорытындысы Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесі халыққа қаншалықты маңызды екенін көрсетіп отыр. 

Тағы бір ерекшелік - биылғы сайлау өзінің конституциялық мерзімінде өтті. Партиялардың дайындалуына теңдей мүмкіндік берілді.

Мадина Нұрғалиева, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік зерттеулер бөлімінің жетекшісі: 
-Партиялардың атқарған жұмысы қазіргі күн тәртібінде өзекті болып отырған қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерге халықтың назарын аудартты. Сондықтан, Мәжіліске өтетін партияларға үлкен міндеттер жүктелетіні рас. Ал, қорытындыға келсек, қоғамның тұрақтылықты қалайтыны байқалып тұр. 

Сондай-ақ, сарапшылар сайлауда өрескел заң бұзушылықтар болмағанын да атап өтті.  

Амангелді Сейітхан                                                            


Хабарламаларға жазылу