Павлодар облысында көктайғақтың кесірінен көлік апаты көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында көктайғақтың кесірінен көлік апаты көбейді

12.01.2021

Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында да ауа райына байланысты негізгі жолдар жабылды. Алдағы күндерде 30 градусқа дейін аяз болмақ. Боран күшейгендіктен, полицейлер тас жолдарда кезекшілік атқарып жатыр. 

Павлодар облысында керсінше күн жылып, көктайғақтың кесірінен көлік апаты жиіледі. Облыс орталығынан Ақсу қаласына бара жатқан екі жеңіл көлік соқтығысып 4 адам ауруханаға түсті. Ал Павлодар-Қызылорда тас жолында жеңіл көлік әуелі темір қоршауды, сосын жол тазалап жатқан ауыр машинаны соққан. Жүргізуші қайтыс болды, зардап шеккендер бар.

Жасқайрат Қайыров, Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:
Павлодар-Қызылорда тас жолының 117-шақырымында Honda көлігінің 35 жастағы жүргізушісі қайтыс болды. Жанындағы екі адам жарақат алған. Олар ауруханада. 


Хабарламаларға жазылу