196 колледж 500 мамандық бойынша даярлау құқығынан айырылды

11.01.2021

Елімізде 196 колледж 500 мамандық бойынша студенттерді даярлау құқығынан айырылды. Өйткені, колледждер белгілі бір мамандықтар бойынша студенттерді оқытқанымен, бейімдеуге қойылатын біліктілік талаптарын орындай алмай отыр. Білім және ғылым министрлігі жүргізген мониторинг осындай шешім қабылдауға негіз болған. Ал, бұл колледждердің студенттері басқа оқу орындарына ауыстырылып, оқытушылар жұмысқа орналастырылды.

Гүлзат Көбенова, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы:
-Мысалы, медициналық колледж қаржыгерлерді, бухгалтерлер мен програмистерді, ал агротехникалық колледж – мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілерін, құрылыс колледжі – дене шынықтыру мұғалімдерін және т.б. бағыттар бойынша мамандарды даярласа, сапалы білім беру туралы қалай айтуға болады?!

Хабарламаларға жазылу