ШҚО-да сайлау комиссияларының мүшелері карантинге түсті

11.01.2021

Шығыс Қазақстан облысында сайлау комиссияларының мүшелері карантинге жіберілді. Облыстағы бас санитардың қаулысына сәйкес, олар 72 сағат үйде оқшаулануы керек. Содан кейін міндетті түрде ПТР-тест тапсыруы тиіс. Нәтижесі оң болса жұмыстан шеттетілуі мүмкін. Ковид белгілері анықталса, емделеді. ПТР-тест теріс нәтиже көрсетсе өздерінің лауазымдық міндеттерін жалғастыра береді. Кешегі күні облыстағы сайлау комиссияларында барлығы 7 мың адам жұмыс істеген.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу