Сайлау комиссияларының мүшелері онлайн форматта оқиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау комиссияларының мүшелері онлайн форматта оқиды

29.10.2020

Аймақтағы сайлау комиссияларының мүшелерін саяси науқанға орай оқыту онлайн форматта өтеді. Осы арқылы 70 мыңнан астам учаскелік және аумақтық сайлау комиссияларының мүшесін қамту жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде жыл сайынғы электоралдық оқытудың «жол картасы» бойынша 24 шара өткізіліп, 1000-нан астам азамат тренингке қатысқан.

Айта кетейік, биыл сайлау комиссиясының 40 пайыздан астамы жаңартылған. Ал, ұйымдастырушыларды даярлау «каскадтық модель» бойынша жүргізіледі. Өйткені, бұл әдіс Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының көптеген елдерінде қолданылады. Сондай-ақ, алдағы сайлауда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне барынша жағдай жасалмақ. Себебі, қазір елімізде дауыс беруге құқы бар 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат бар.

Берік Имашев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы: 
-Осы сайлау науқанында Орталық сайлау комиссиясы отырысын онлайн трансляцияларын сурдоаудармамен қамтамасыз ету бойынша жаңа практиканы енгізіп отырмыз. Енді конституциялық заңда мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау учаскелеріне кедергісіз қол жеткізуілерін және онда дауыс беруді қамтамасыз ету бойынша нормалар көзделген.

Амангелді Сейітхан 

Сайлау комиссия онлайн формат Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясы

Хабарламаларға жазылу