Алматы облысында оқушы саны 300-ге жететін мектептер штаттық режимде жұмыс істейді
Алматы облысында оқушы саны 300-ге жететін мектептер үшінші тоқсаннан штаттық режимде жұмыс істейтін болды. Бірақ барлық санитарлық талаптар сақталуы керек. Әр сыныпта 15 оқушыдан артық отырмауы тиіс. Ал облыс орталығы Талдықорған қаласында ата-аналар өтінішімен бесінші сыныпқа дейін кезекші сыныптар ашылады. Қалада мұндай форматтағы оқу қаңтардың 21-нен басталады. Өңірде қазір эпидахуал тұрақты. Екінші жартыжылдықта өңірдегі 57 колледжде 1 курста оқитын 11 мыңнан астам студент аралас форматта, 19 мың білім алушы қашықтан оқытылады.
Айжан Адамбекова, Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:-Сонымен қатар бізде мектеп бітіретін 9 және 11-сынып оқушылары дәстүрлі форматта пәндердің 70 пайызын оқи алады. Яғни 70 пайыз пән мектепте оқытылса, 30 пайыз пән қашықтықтан оқытылады.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шеттегі қандастардың құрылтайы өтті
28.07.2026, 10:09
Алакөл жағалауында қауіпсіздік күшейді
28.07.2026, 10:08
Қазақстанда коллекторлық агенттіктердің қызметі өзгереді
28.07.2026, 10:07
Шымкентте 55 мыңнан астам адамның айыппұлы кешірілді
28.07.2026, 10:06
Франция мен Испанияда өртпен күреске мыңдаған маман жұмылды
28.07.2026, 10:06
Висконсин штатында алапат құйын көтерілді
28.07.2026, 10:05
БҚО-да қатты желден 5 мың абонент жарықсыз қалды
28.07.2026, 10:03
Коммуналдық қызмет атынан sms-код сұрағандарға сенбеңіз!
28.07.2026, 10:02