Түркиядағы отандастарымыз да дауыс беріп жатыр
Қазақстандықтар ең көп тұратын шет мемлекет Түркияда да бүгін отандастарымыз дауыс беріп жатыр. Анкара, Ыстамбұл және Анталия қалаларында орналасқан сайлау учаскелерінде мыңға жуық дауыс беруші тіркелген. Біздің Түркиядағы тілшіміз Айдос Әшімұлы Анкарадағы Қазақстан елшілігіндегі сайлау учаскесінен бізбен байланысқа шығуға дайын тұр. Айдос сіздерде дауыс беру процесі қалай жүріп жатыр?
Айдос Әшімұлы, тілші:-Анкарадағы №286 сайлау учаскесі жергілікті уақытпен таңғы сағат 7-де жұмысын бастады. Түркияда сенбі-жексенбі күндері коменданттық сағат болғандықтан, және пандемия кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтау мақсатында, дауыс берушілер бірнеше топ болып келеді. Мәселен белгілі бір уақытта студенттер, белгілі бір уақытта халықаралық ұйымдардың қызметкерлері дауыс береді. Және адам саябырсыған кездерде учаскенің терезелерін ашып желдетіп, іші дезинфекцияланады. Жоғарыда атап өткенімдей сенбі-жексенбі күндері Түркияда коменданттық сағат, яғни көшеге шығуға тыйым болғандықтан Қазақстанның Түркиядағы елшілігі ел билігімен келісіп, Қазақстан азаматтарының бүгін еркін-жүріп тұруына рұқсат алған. Ал Түркияда барлығы үш сайлау учаскесі бар. Олар қазақстандықтар көп шоғырланған Ыстамбұл, Анталия және осы Анкара қалаларында. Қазір мен тұрған №286 учаскеге дауыс берушілер аз-аздап келіп жатыр. Ешқандай заңбұзушылық немесе төтенше оқиға тіркелген жоқ.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27