Сайлау кезінде 11 кемшілік тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау кезінде 11 кемшілік тіркелді

11.01.2021

Сайлау кезінде 11 кемшілік тіркелді. Бұл туралы бейпартиялық байқау орталығының өкілдері хабарлады. Олқылықтар Маңғыстау, Жамбыл, Солтүстік және Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары мен Алматы қаласында болған. Дауыс беру кабинкаларына отбасы мүшелерімен бірге кіру, партия аты жазылған биллбордтарды бүлдіру тіркелді. Тіпті сайлау учаскесіне мас келіп, комиссия мүшелеріне дөрекі сөйлегендер де кездескен. Сонымен қатар, байқаушылардың бір-бірлеріне жұмыстарына кедергі келтіруі орын алған. Бірақ заңбұзушылық тіркелген жоқ.

Бану Нұрғазиева, Сайлауды бейпартиялық байқау орталығының басшысы:
Түсіп жатты. Айтып жатты әр жерден. Бірақ айтылған нәрсе, ол – бір адамның көзқарасы. Әр жағында бұл қаншалықты заңды, заңсыз оны біз де қарадық.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу