Сенат депутаттығына үміткерлерді тіркеу аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат депутаттығына үміткерлерді тіркеу аяқталды

12.09.2014
Сенат депутаттығына үміткерлерді тіркеу аяқталды

Қазанның 1-і күні өтетін Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға қатысты кандидаттарды тіркеу 11-қыркүйекте аяқталды.

Орталық сайлау комиссиясының деректеріне сәйкес, Сенатта босаған 16 орынға ұсынылған 88 үміткердің 53-і тіркелді.

Үміткерлердің орташа жасы - 53, екеуі – әйел. Мамандығы бойынша: 21-і инженер, 9-ы ауыл шаруашылығы қызметкері, 8-і экономист, үміткердің 8-і дәрігер, 4-і оқытушы және біреуі мұғалім.

Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу