Түркістан облысында көкпар ұйымдастырғандар жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында көкпар ұйымдастырғандар жауапқа тартылды

07.01.2021

Түркістан облысында карантиндік шектеулерге қарамастан көкпар ұйымдастыру тыйылмай тұр.  

Төлеби ауданындағы Алатау ауылында жергілікті тұрғын 100-ге жуық адамның басын қосып көкпар берген. Тәртіп сақшылары жиналған адамдарды тарқатып, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Дәл осындай шара Қазығұрт ауданында да тіркелген. Ызабұлақ ауылының тұрғыны бос жайылымдардың бірінде көкпар өткізіп, оған 80-ге жуық адамды шақырған. Карантиндік тәртіпті бұзған екі азаматқа да әкімшілік шара қолданылды..  

Салтанат Қаракөзова облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:  
- Барлық азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олар тарқатылды. Ал, көкпар ұйымдастырушыларға іс құжаттар жинақталып, СЭС-ке жолданды.  

Ал, Қостанайда ескертуді елемей карантин тәртібін бұзған үш караоке бар жабылуы мүмкін. Шектеулер енгізілгеннен бері оларға бірнеше рет хаттама толтырылып, айыппұл да салынған. Алайда бұл ойын сауық орындары айып арқаласа да, айылын жимай жұмыстарын жалғастыра берген. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары оларды жабу туралы экономикалық сотқа арыз түсірді. Енді ескертуді елемеген ойын-сауық орнының әрі қарай жұмыс істеу-істемеуі сот отырысында шешіледі.


Хабарламаларға жазылу