Алматыда тәулігіне 50 адам ауруханаға түседі
Алматыда жыл басынан бері яғни алты күн ішінде 700-ге жуық адам коронавирус жұқтырған. Қалада қазір эпидемиологиялық жағдай ушығып, мегаполис «сары» аймаққа енді. Шаһардағы соңғы ахуал туралы тілшіміз Нұрхан Нұрланұлы тікелей эфирде толығырақ баяндауға әзір.
Нұрхан Нұрланұлы, тілші:- Індетпен күрес күшейсе де, соңғы уақытта жіті респираторлық аурулармен және тұмаумен ауыратындар санының артуы, сондай-ақ вирус жұқтырғандардың көбеюі эпидахуалды ушықтырып отыр, дейді мамандар. Соңғы 4 айда науқастар саны 14 есе артқан. Мәселен, қыркүйекте вирус шамамен 160 адамнан анықталса, желтоқсан айында 2200-ден астам адам ауырған. Жалпы соңғы кездері індетке шалдыққандар саны күніне 90 адамнан азаймай тұр. Ал ауруханаларға тәулігіне кемінде 50 адам жатқызылады.Нариман Табынбаев, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:-Біз бұл көрсеткіштерді вирус инфекцияларының маусымдық шарықтау шегімен байланыстырамыз. Инфекциялық стационарларда орын жеткілікті. Қазір жалпы орындар санының 68 пайызы, яғни, 5 145 төсек резервте тұр.Нұрхан Нұрланұлы, тілші:- Ал қаланың бас санитар дәрігері болжам бойынша осы айда вирус жұқтырғандар саны 4500-ге дейін жетуі мүмкін дейді. Себебі, қаңтардың алғашқы алты күніндегі көрсеткіш нашар. Тіпті жуырда сайлау учаскелері қызметкерлерінің науқастанғаны анықталды. ПТР-тестілеу қорытындысы бойынша сегіз адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды. Алайда олар Орталық сайлау комиссиясының мүшесі ме, әлде бақылаушы ма белгісіз. .Жандарбек Бекшин, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері:-Өткен жылдың соңында сайлау комиссиясының қызметкерлері, бақылаушылар, сенімді тұлғалар тестілеуден өтетіні жарияланды. 3 қаңтарға дейін 10 мың адам тіркелген. Оның ішінде 5 мыңға жуық бақылаушы мен сенімді тұлға бар. 2 күнде 5800 адам тексерілді. Қалғандары алдағы уақытта тестілеуден өтеді. Ал вирус анықталған азаматтар жұмыстан шеттетілді.Нұрхан Нұрланұлы, тілші:- Сондай-ақ Жандарбек Бекшин эпидемиологиялық жағдайға байланысты бақылау күшейіп, қабылданған шектеу шаралары күшінде қалатынын атап өтті. Мәселен, қала мектептерінде қосымша кезекші топтар ашылмайды. Себебі, бүгінде 311 оқушыдан вирус табылған.
Нұрхан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада «Қазақстан Барысы – 2025» республикалық турнирі өтіп жатыр
18.10.2025, 17:16

Талдықорғанда Олимпиада чемпиондары жастармен кездесті
18.10.2025, 17:08
Мәскеуде «Парасат майданы» спектаклі сахналанды
18.10.2025, 17:06
25 Қазан - Республика күні
18.10.2025, 17:04
Ертең – Орманшылар күні
18.10.2025, 17:01
Абай облысында үш жылда улы газдан қорғайтын 15 мың құрылғы тегін орнатылған
18.10.2025, 16:58
«Самұрық-Қазына» қоры бір миллион ағаш отырғызу бастамасын жалғастыруда
18.10.2025, 16:53
Каспий теңізінің тағдырына алаңдаған белсенділер дабыл қақты
18.10.2025, 16:50