Тоқаев православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаев православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

07.01.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады. Президент бұл мерекенің ізгілік пен жақындарға жанашырлық көрсетуді дәріптейтін мейрам екенін айрықша атап өтті.  

«Православ христиандары басқа да дін өкілдерімен бірге мемлекетімізді дамытуға және халқымыздың береке-бірлігін арттыруға зор үлес қосуда. Біз бірлесіп Қазақстанды қазіргіден де қуатты елге айналдырамыз. Бәріңізге зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тілеймін. Бүгінгі мейрам шаттық пен қуаныш әкелсін» - делінген құттықтауда.   

Альбина Әшім 


Хабарламаларға жазылу